Тектілік қалай қалыптасады?

Oinet.kz 24-02-2020 860

image.png

Кезінде бір би көпшіліктің ортасында отырған Сырым батырды сынамақ болып:

- Әй, Сырым, қарадан туып хан болғаның қалай? Айырдан туып нар болғаның қалай? Жоқтан бар болғаның қалай? - деп сұрапты.

Сонда Сырым:

- Қарадан туып хан болсам, халқым қалаған шығар, айырдан туып нар болсам, атам жараған шығар, жоқтан бар болсам, Құдай қараған шығар, - деп жауап берген екен.

Сол секілді тектілік ананың сүті, атаның қанымен келеді. Тектілік отбасындағы тәрбиемен, өмірде көрген тәжірибемен қалыптасады. Ақын Абай айтпақшы, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» (19-қара сөз). Сондықтан жақсы мен жаманды айырып, ізгілікке ұмтылудың өзі де тектілік деп түсінгеніміз абзал. Тектілікті әркім өзінен бастай алады. Өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, қайырымды, өзгелерге пайдалы болуы, ешкімнің ала жібін аттамауы, басқаларға зиян тигізбеуі арқылы адам өзін, ұрпағын, ортасын тәрбиелей алады. Ізгілікке ұмтылған толқынды қалыптастырады.

Дәрет алу ережесі
Зекет күтіп тұрған жамандық пен бәле-жаланың алдын алады!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу