42 500: қандай бизнес ашуға болады?

Oinet.kz 07-09-2020 912

Үкімет тағайындаған 42 500 теңге төңірегінде дау көп болды. Адамдар ол ақшаға «жыртықтың жамалмайтынын» аз айтпады. Барлық негативке назар аудармай, бұл соманы қалай көбейтуге болатынын зерделеп көрелік. Мұнша қаражатқа қандай бизнес ашуға болады?

image.png

Қолдан сабын жасау

image.png

Бұл идея арзан материалдардан жасалған қарапайым хенд-мейд . Интернетте сәндік хош иісті сабын жасау үшін көптеген қарапайым бейне сабақтар бар. Сіз оңай тәсілмен аз мөлшерде жасап бастай аласыз. «Ой оны кім алады?» деген ойдан арылыңыз. Инстаграм арқылы жарнамаңызбен аудиторияңызға қамқорлығыңызды аңғартсаңыз клиент жинау мәселе тудырмайды. Дамыған бизнес переспективаңызда сабын өндіру көлеміңізді арттыра аласыз. Қарапайым хобби секілді көрінгенмен, бұл табысты кәсіп. 

Видеоблог жүргізу

image.png

Сізде харизманың және қызықты баяндау дағдысы болса, еш саспаңыз. Креативті ойлау арқылы идеяңызды ақшаға айналдыруғм болады. Сіз өзіңіздің бейне блогыңызды YouTube-те жүргізсеңіз де табыс табуға болады. Бірақ ақша табуды бастау үшін бір нюанс бар, сіз кем дегенде 10 000 тірі жазылушы жинауыңыз керек. 

Үй жөндеудің жеңіл түрлері

image.png

Плиткаларды немесе қабырғаларды бояу кез келген адамға оңай. Бейне сабақтарын интернеттен көруге болады. Инвестиция тек жарнамаға қажет. Үйін жөндеуден өткізетін адамдар қажетті материалдарды өзі ұсынады. лар тек түгендеуге қажет болады, егер қаласаңыз, сіз әлі де жарнамаға жұмсай аласыз. Сондай-ақ, техникалық кадрларды іріктеу агенттігін ұйымдастыруға болады. Не істеу керек, тапсырыс берушілер мен орындаушыларды іздеңіз және оларға бір-бірін табуға көмектесіңіз.

Басқа адамдардың тауарларын интернетте сату

image.png

Жарнамалық парақшаны Facebook немесе Instagram-да жасауға болады. Мұндай парақшаны жүргізу үшін  арнайы онлайн курстарда үйренуге болатын тәжірибе мен дағдыларды қажет етеді. Әлеуметтік желілердің артықшылығы – олар басқа жарнама биржаларынан айырмашылығы, көптеген адамдар үшін жақын және интуитивті. Содан кейін бәрі қарапайым. Арбитраж биржаларында қызықты тауарлар немесе қызметтер іздеп, оларды алға жылжытыңыз және тартылған клиенттер үшін лайықты ақы алыңыз.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

2020 Жылға арналған 6 түрлі кәсіпкерлік жоба
Студенттерге арналған үздік бизнес идеялар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу