Кенталдың болашақ жары өзінен 14 жас кіші

Oinet.kz 18-02-2020 2118

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Кентал биыл отау құрғалы жатыр. Таңдауы өзінен он төрт жас кіші Милана есімді бойжеткенге түсіпті. Тойдың қамына қызу кірісіп кеткен ол болашақ жары туралы тың мәліметтермен бөлісті  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Кентал.jpg

Отандық эстрада бойдақтарының тізімінде көш бастап келген Кентал жүрегін жаулай алған арудың кім екенін айтып берді. Бойжеткеннің ұлты түрік болып шықты. Бүгінде ол ЖОО-ның екінші курс студенті екен.

"Ол - жақсы адам. Әкесі де оның жақсы адам. Көршінің қызы. Менің жүрегіме жақын адам .Сондықтан осы жылы үйленетін боламын. Осындай жоспарым бар. Қанша жыл қатарынан айтып келемін. Бірақ, осы жылы нақты шешімге келдім. Ол өнерге қатысты емес. Бірақ, ол хореограф. Менен он төрт жас кіші. Алайда, махаббат жасқа қарамайды" , - деді ол.

Эстрада жұлдызы болашақ жарымен қалай танысқаны жайлы да сыр шертті.

"Досымның үйлену тойында таныстық. Досымның әйелінің құрбысы. Өзім байқаған қасиеті ол - өте адал" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Кенталдың сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз.

Диана Шарапова «Голос Украина» шоуында топ жарған Ерлан Байбазаровты сотқа бермек
Әбу-Қай: «Жанар Хамитованың өлімінен кейін әнші арулар менен қорқып жүр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу