Ақбота Керімбекова ақылым ұзарсын деп шашын қырқып тастады

Oinet.kz 25-02-2020 1213

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова шаш үлгісін өзгертті. Шашын  өзгеше үлгіге салған әнші, жаңа образын қалың көпшілікке «instagram» желісі арқылы көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

8008b3a8-5683-49c2-bb74-b4c102355a4b.jpg

- "Сәлем достар, қалайсыздар? Шашты қысқарттық, ақылымыз ұзарсын", - деп жазып қойған ол суреттің астына.

Өнер иесінің бұл өзгерісі бірден қызу пікірталасқа түрткі болған. Ақботаның жаңа шаш үлгісіне қатысты желі қолданушыларының ойы бірдей болмай шықты. Бірі оған аса жарасымды екенін жазып жатқанда, енді бірі шашын қысқартқанын үлкен қатеге теңеді.

- "Әдемі, жарасып-ақ тұр" , "Сізге бәрі жарасады, өзгеріс болып тұрағын негізі дұрыс" , "Көктемге қарсы өзгеріс" , "Бекер деп есептеймін" , "Ұзын шаш жақсы еді" , "Қыздың шашының қысқарғаны, ақылының қысқарғаны" , "Жасарып шыға келдіңіз" , "Мүлдем жараспайды" , "Дене бітіміңізге мына шаш үлгісі келіспейді" , "Сұлулсыз" , - деп жазған көпшілік.

Баян Алагөзованың інісі мен шәкірті шаңырақ көтермек
Әнші Айқын қыздарға не үшін жоламайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу