Меруерт Түсіпбаева: Қай әнді орындасам да хит болады

Oinet.kz 02-03-2020 1306

Қазақ эстрадасындағы мән-мағынасы жоқ әндер сұрыпталды. Бұл әндердің қатарында Ерке Есмаханның "Қайдасы" көш бастап тұр, деп хабарлайды Shownews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

Мерууерт.jpg

2000 жылдары хитшерулердің көшін бастаған Нұрлан мен Мұрат қайтадан халықтың қошеметін қалағанымен, жоспар жүзеге асар емес. Жаңа ән жазуға қанша талпынса да, тың туындылары өз тыңдарманын таппай жүрсе керек. Өнерпаздарды тойға шақырған халық тек ескі хиттерін сұрап, соңғы жұмыстарын көзге ілмейтін көрінеді.

- «Біз халықтың сұрауы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бір жаңа ән айтайын десек, көпшілік: «Керек емес, «Жаулап алдым махаббат» пен  «Ләйләні» айтып беріңізші деп жатады. Сонымен қатар, «Шашы ұзын қыз» бен «Жұлдызымды» да жиі сұрайды. Бізге жаңа әндеріңіз керек емес, ескі әндеріңіз керек деп айтады. Әйтпесе бір альбом жазып қойған болатынбыз», – дейді «Нұрлан мен Мұрат» дуэті

Айтпақшы, бұл тақырып «Заман» тобына да жақсы таныс. Жігіттер жаңа тректерді жиі жарыққа шығарса да, сұраныстың артар түрі жоқ. Бүгінде аталмыш дуэт осыдан 5 жыл бұрын шыққан әнімен нәпақасын тауып жүрген көрінеді. «Заман» тобы қазіргі тыңдарман талғамының төмендегеніне ашулы. Олардың пайымдауынша, бүгінгі хиттер жеңіл әуен мен мағынасыз мәтінге құрылған. Тіпті, келтірер дәлелі де бар.

- «Хит іздейтін болсаң: «Қайдасың, жоқсың» деп арзан сөздермен  кете беруге болады. Шыны керек, «Қарақат қара көзің» әні бізді асырап жатыр», – дейді «Заман» тобының әншісі.  

Өнерпаздарға өткір пікір айтудан тайсалмайтын Түсіпбаеваны да дәл осы мәселе жиі толғандырып жүр. Меруерт ханымның сөзінше, заманауи эстрадада есті әндерден гөрі, жеңіл-желпі туындылардың саны көп.

- «Біз қазір қандай ән орындау керектігін білмей қалдық. Кәрісі де, жасы да, бәрі танымал ән іздеп жүр. Барлық өнер адамдары хит боларлық ән іздеп жүр. Көрерменнің талғамы өзгерді ме, композитор жоқ па, білмеймін. Не болып кетті, білмей қалдық. Мен 95 жылы «Қимай сені барамын» деген әнмен шыққан кезде, мен  қай әнді орындасам да хит болатын!» – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Кенжебек Жанәбілов Париж қаласында жас қызбен кездесті
Азамат Омаров: Бастысы ДНК тестінің нәтижесін алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу