Алданып қалған Ернар Айдар: «6 видеоға 6 миллион берді»

Oinet.kz 01-05-2020 3004

Отандық танымал әнші Ернар Айдар лоторея ойындарына қатысты бар шындықты жеткізді. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында ашып айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

- Оңай олжаға қызықтым. Себебі, 6 видеоға 6 миллион беріп отыр. Олар саудаласып та отырған жоқ. Ақшаға қызықтым, қызықпадым емес. Бұл жерде мен шындықты айту үшін келіп отырмын. 3 миллионды бірден аударды. Ақшаға қызықтым. Енді 100% қызықтым деп айта алмаймын. Алданып отырмын. Менің айтарым. Егер заң, сот өтіп, тергеу жұмыстары шешіп жатса сол ақшаны қайтарып беру керек болып жатса ол реклама жасап алған ақшам ғой. Егер қайтарып бер деп жатса қайтарып беруге дайынмын. Егер ол заң жүзінде шешіліп жатса, - дейді әнші. 

image.png

Еске сала кетейік, Ернар Айдар ТЖ режимін бұзып, ұтыс ойнатқандығы үшін ұсталған болатын. 

Айгүл Иманбаева Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші
Жұлдыз: Қайраттың басқа махаббаты болған, бейнебаянға сол қызды түсірмек болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу