«Жан менің 4-ші күйеуім» - Баян Мақсатқызы

Oinet.kz 18-06-2020

Қазақ кино әлемі тағы бір жаңа туындымен толығады. Қазіргі таңда Дархан Саркеновтың режиссерлігімен «Күшік құда» картинасының түсірілім жұмыстары жүруде. Онда басты рөлді Жан Байжанбаев пен Баян Алагөзова ойнайды. 

image.png

- «Жан менің 3-ші немесе 4-ші күйеуім, әрине фильмдегі. Негізі, өз жолдасым білімді, мәдениетті адам әрі әйелінің актриса екенін жақсы түсінеді. Актрисаның сәйкесінше әртүрлі рөлі, образы тіпті күйеуі де болуы мүмкін. Сондықтан ол қызғанбайды», - дейді актриса, продюсер Баян Алагөзова.

Фильмнің сюжет желісі бойынша, кедей қыз ауқатты отбасына келін боп түседі. Бірақ, бір мезетте бай жарлыға айналып, кедей құдаларына тәуелді болып қалады.

– Кейіпкерім қанша бай болса да, әйеліне қарағанда мейірімді жан. Әйелім - Меруертті Баян Алагөзова сомдайды. Бірінші рет сахналас болып тұрмыз. Негізі менің әйелдерімді ең сұлу актрисалар сомдайды, - дейді актер Жан Байжанбаев.

Кинокартинада Асқар Ильясов, Айым Сейітметова, Мейірхат Амангелдин, Бақыт Әліпбаева мен Қуандық Шәкіржанов бой көрсетеді. 

Баян Мақсатқызы жаңа видеосымен желіні шулатты
«Дәрігерлер аяғымды кесу керек деді» - Тұрсынбек Қабатов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу