Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанға 20 өкпені жасанды желдету аппараттарын жібермек

Oinet.kz 08-07-2020 18975

Қазақстандық танымал айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Түркиядағы қайырымдылық қоры арқылы елге 20 өкпені жасанды желдету аппаратын алғызып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды. 

image.png

- "Түркиядан 2 миллионға дәрі-дәрмек әкелетін боп шешкенімізді айтқанбыз... 5 мыңға жуық пікірді оқып жағдай біз ойлағаннан да жаман екенін түсіндік. Өкінішті, дым жоқ екен бізде. Сонымен мұсылман бауырлар қосылып, қордың ақшасынан алып, өзім қосып жатып ақшаны 6 миллионға көбейттік! Бұл ақшаға 20 тыныс алу аппаратын сатып алып жатырмыз", - деді ол.

Тұрсынбаеваның сөзіне қарағанда, артылған ақшаның бәріне парацетомол, аспирин, маска алынады. Барлығы шалғайдағы өлім-жітім көп болып жатқан аудандарға жеткізіледі.

- "Менің үлкен завод, фабрикам жоқ. Қырғын бизнесмен емеспін. Менің бір өзім осынша аппарат жіберіп жатқанда қалталы азаматтар бұдан да көп көмек көрсете алады ғой. Бізде Түркияны түбімен сатып ала алатын байлар көп емес пе?! Қырғызстан 1 күнде 800 аппарат сатып алып кетіпті! Өзбекстан күніне бәлен жүз сатып алып жатыр екен. Қазақстаннан аппарат сатып алып жатқан мен бірінші адам екенмін. Мұның бәрін өткізудің өзі бір ақырет екен, әрі қып-қызыл ақша! Тіпті ақшаң болса да аппарат алып өте алмайсың. Осы машақатты мойындарына алып, барлық шекараның шығынын өтеп азаматтық танытқан Стамбулдағы бас консулдықтағы азаматтарға,  Әлім ағамыз бен Еркеғали бауырымызға Алла сауаптан жазсын! Еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі деп жанашырлық танытып үлкен көмектерін көрсетіп жатыр", - деп жазды ақын.

Алтынай Жорабаева Қазақстандық шенеуніктерге шүйлікті
Роза Рымбаева келінді болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу