Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды

Oinet.kz 25-02-2018 3796

Мақпал Жүнісова гастрольдік сапарда жүргенде өзін қатты қорқытқан жетісайлық азамат туралы айтты. Оның айтуынша, ел арасында бұзақылығымен танылған жігіт әншіні "зорлаймын" деп қорқытқан.

Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.

Әншінің айтуынша, ел арасында өнер адамдарына қоқан-лоққы көрсететін жандар көптеп кездеседі. Сондықтан, мұндай жағдайда адам сабырлылық танытуы керек. Мәселен, бұдан 27 жыл бұрын оның көрермендерінің бірі зәбір көрсетіп, қатты қорқытқан.

"Есікті аш, мен қазір сені зорлаймын деуге дейін барды. Сосын Ұлбосын апайдан мынау кім деп сұрадым. Ол кісінің айтуынша, оны жергілікті тұрғындардың барлығы біледі. Себебі, психдиспансерден шыққан, бүкіл Жетісай қорқады деді. Сонда қаршадай мені қорғайтын милиция қайда кетті деп ойладым. Менің музыкантым бар еді. Соны лақтырып жіберген ғой. Сол кезде бізді ешкім қорғай алған жоқ. Не милиция қорғай алмады. Есікті тарсылдатып, ұрып мен сені қазір зорлаймын деп айқайлады. Терезеден секірейік десек, терезе биік екен. Ол есікті теуіп, бейәдеп сөздер айтып жатыр. Өкіріп жылап жатырмын. Қой енді, өлтірсе өлтірсін дедім. Бір кезде тынышталып қалды. Кетіп қалған шығар деп шықсам, ана кісі түк болмағандай келіп: "мен сені ұзақ күттім ғой, алтыным, жаным. Қыздарыма қолтаңба берші деп жатыр, - дейді Мақпал Жүнісова.

Әншінің айтуынша, мұндай кезде әртіс сабырлық сақтау керек. Себебі ол жанына ол кісі жақындағанда ол қатты қорыққан. "Көрдіңіз бе, сонда есі бұзылып тұрған адам бізді өлтіріп кетуі де мүмкін екен. Бірақ мен сабырлық сақтадым", - дейді әнші.

Әнші Ерболат Беделхан мен Болат Назарбаевтың қызын не байланыстырады? (видео)
Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын мәлімдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу