Марат Омаровтың ұлы әкесінің үш отбасы туралы шындықты ашып айтты

Oinet.kz 21-08-2020 1724

Композитор әрі әнші Марат Омаровтың өнердегі жолын тыңдарманы жақсы білсе, оның жеке өмірі де жұрттың жиі талқысында. Осы уақытқа дейін танымал сазгер үш рет шаңырақ көтерген. Ал, үш некеден туған балалардың қазіргі қарым-қатынасы қалай? Жұлдызды жанұяға қатысты сауалдарға әншінің атышулы ұлы Азамат Омаров Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.

image.png

- "Әкемнің бес баласы бар. Екі әпкем, мен – бірінші анадан, екінші отбасынан Зульфия есімді қарындасым бар. Қазір Зульфия тұрмысқа шықты, өзін кинода актриса ретінде көрініп жүр. Әншілігі де бар. Бір-бірімізге әрдайым хабарласып, қолдап жүреміз. Әкемнің үшінші некесінен Бибімәриям атты қызы бар. Ол да өнерге жақын. Қазір өзінің би мектебін ашып, хореографиядан сабақ береді. Бірақ, күнде кездесіп жатырмыз деп айта алмаймын", - дейді Марат Омаровтың ұлы.

Марат Омаровтың алғашқы некелері сәтсіз аяқталса да, балаларымен қарым-қатынасы қаз қалпында. Бұрынғы жұбайлары да сазгерді сыйлап тұрады екен. Ал, әнші әкенің қолы қалт етсе ұл-қыздарынан ақыл-кеңесін аяған емес.

- "Әкем бізді қалай өсірді?.. Ең бастысы өз-өздеріңе берік болыңдар, балаларым! Сол кезде өздеріңнің бақыттарың, өздеріңнің тілеген ниеттерің шын болса, сонда ғана мақсаттарыңа жетесіңдер дейді. Біз де соны өзіміздің балаларымызға, қарындастарымызға жеткіземіз, айтып отырамыз. Өздерінің армандары бар, өздерінің талпыныстары бар. Соның бәрін шын ниетпен тілесе, әкем айтқандай әркім өз армандарына жетеді!" - дейді Азамат.

Бүгінде Омаровтың ұлы әкесінің үш отбасындағы балалары тығыз байланыста еместігін жасырмайды. Олар тек әулеттің ортақ тойында ғана қауышады екен.  

image.png

- "Әрқайсымыз кішкентайымыздан үлкенімізге дейін өзімізше бақыттымыз. Менің анам да әкемді сыйлайды, қазіргі жұбайы Перизат та әкеме қарап отыр. Ортасында мен де әкемнің ұлы ретінде өзімнің көзқарасымды білдіріп қоямын. Бәрі татулықта болса, бір-бірін сыйласа деген ойдамыз. Өйткені, өмір деген өтіп бара жатыр. Бірақ аса қатты сыйласамыз, сөйлесеміз деп айта алмаймын. Тек сырттай бір-бірімізге тілекші болып жүреміз", - дейді сазгердің ұлы.

Кеше ғана ұлын үйлендірген Роза Рымбаева шын мәнінде кім? (фото, дерек)
Төреғали Төреәлінің отбасы полиция назарына ілікті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу