Әнші Әли Оқапов халыққа жасырып келген құпиясын айтты (видео)

Oinet.kz 26-08-2020 1810

Отандық танымал әнші Әли Оқапов соңғы уақытта өзіне қатысты түрлі әңгімелер мен қауесеттер көбейіп кеткендіктен, оларға ел алдында жауап беруді шешті. Өнер иесі бар шындықты ашамын деді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Роза Рымбаеваның ұлы өзіне қатысты ақпараттарға шынайы жауап бермек болып, түсірген видеосымен Instagram парақшасында бөлісті. Видео басында Әли Оқапов өзін барынша салмақты ұстап, елге шындығын жайып салуға дайын екенін айтқан.

- "Құрметті достар, соңғы жаңалықтар, әңгімелер мен қауесеттерге байланысты мен мұның бәріне өзім жауап бергенім дұрыс болар деп шештім. Соза берудің не қажеті бар? Онсызда бәрі біліп қойды. Ресми түрде жариялаймын. Бұл шындық. Мен шынымен де найманмын", - деді әнші.

Желі қолданушыларының барлығы өнер иесі өзінің үйленгенін растайтынын күткен. Алайда, Оқапов бұл жолы да жеке өміріне қатысты пікір білдірмей қойды. Көпті қызықтырған мәселені қалжынға айналдырып жіберген ол елді күлкіге қарық қылды.

Оған қоса, бейнежазба соңында әншінің өзі де күлкісін әрең тыйып тұрғанын аңғаруға болады.

­- "Қатырдың, сонша күткенім де. Үйлендің ба, соны айтсаңшы" , "Әли елді әбден қызықтырып біттің. Қашан мойындайсың отбасылы болғаныңды" , "Бәрі біліп те қойды. Мойындамасаң да болады" , "Күлкіден өлдім. Шынымен айтады екен деп күтіп отырсам" , "Соңына дейін қарадым. Айтатынына сенімді болдым. Бірақ, Әли бұл жолы да айласын асырды" , "Найман екеніңді бәрі біледі" , - деп жазуда көпшілік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Наконец решился...

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

Балалы бола алмай жүрген әзілкеш жантебірентерлік сырын ақтарды (видео)
Белгілі әзілкеш әкесі жайлы бар шындықты айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу