Ұлттық нақышта киінген Кәмшат Жолдыбаева көпшілікті таңдандырды (видео)

Oinet.kz 28-08-2020 1268

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Кәмшат Жолдыбаева тағы да қызу талқыға түсті. Алайда, бұл жолы әнші ару ашық-шашық образымен емес, қазақи үлгіде киімімен көзге түскен, деп хабарлайды Oinet.kz.
image.png

Кәмшат Жолдыбаева өнердегі әпкесі Жанар Айжанованы жалғыз қызы Айжұлдыздың ұзатылуына байланысты енді ғана құттықтаған. Шоу-бизнес жұлдызы оның үйіне барып, қуанышына ортақтаса арнайы шашу шашып қайтқан. Бұл ерекше сәттің видеосымен Жанар Айжанованың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Ол құтты қонақтарына келіп, ерекше көңіл күй сыйлағаны үшін алғысын білдірді. Оған қоса, қызын ұзатқан әртісті құттықтау үшін Жолдыбаевамен бірге анасы, інісі және белгілі актриса Назгүл Қарабалина да барған. Олардың барлығы Айжановаға есте қаларлық тосын сый жасау үшін қазақи үлгіде киініп алуды жөн көрген. Өзге меймандарға қарағанда Кәмшат Жолдыбаеваның ұлттық нақышта киінгені желіде қызу талқыланды. Көпшілік "Кешью" тобының бұрынғы әншісін әрдайым ашық образдарда көріп үйреніп қалғандықтан, оның мұндай таңдауына қатты таңғалған. 

- "Үкілі Камшат қыз, бүгін анаңызды көріп таң қалдым. Нағыз қазақ анасы екен. Ал, сізді мен тек өзгеше қырыңыздан ғана таныппын. Осылай қазақ қызы болып, әдемі киініп жүрсеңіз, ата-анаңызға да биік мәртебе болар еді", "Кәмшат керемет образ, осындай үлгідегі киімдер саған сондай жарасымды екен" , "Үкілі Кәмшат болып тұр", "Жабық киінсе сондай сүйкімді екен өзі" , "Кәмшатты көріп, таңғалып тұрмын" , - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

ЖАРАЙСЫҢДАР!

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

БҮГІНГІ МЕНІҢ КЕРЕМЕТ ҚОНАҚТАРЫМ. ҰЗАТУ ТОЙЫМЫЗҒА ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЛЕ АЛМАҒАН СОҢ, ШАШУ ШАШЫП, ҚҰТТЫ БОЛСЫН АЙТЫП КЕЛІП ЖАТЫР. КӘМШАТ МАМАСЫМЕН, НАЗЫГҮЛ СІҢІЛІМ, ЛӘЗЗАТЫМ. МЕН ӘДЕТТЕГІДЕЙ ҚОЛЫМ ҚАМЫРДАН КЕТПЕЙ НАН ЖАЙЫП ЖАТЫР ЕДІМ. КҮЙ ТАРТЫП МЫНАДАЙ БОЛЫП КІРІП КЕЛГЕНДЕ ҚУАНҒАННАН ЖҮРЕГІМ ЖАРЫЛЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ. ҚАНДАЙ КӨҢІЛДІ ОТЫРЫС БОЛҒАНЫ ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ДЕ КӨРІНІП ТҰРҒАН ШЫҒАР

Фариза Төреәлі жеңгесі туралы бар шындықты айтты (фото)
Карантин кезінде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазасыз қалды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу