Карантин кезінде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазасыз қалды?

Oinet.kz 29-08-2020 888

Карантин кезінде той жасаған Төрағали Төрәлінің туыстары не үшін жазаланбағанын тауарлар мен қызметттердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Департаменттегілердің сөздерінше, әншінің әкесі Төрәлі Түлеуханов түсініктеме хат жазған. Түсініктемеде өнерпаздың қарындасы Фариза Төрәлі мен оның жары Дархан Нортаевтың неке қию салтанаты ашық аспанда гольф алаңында өткен. 

- "Той жасау үшін гольф алаңы жалға алынғандығы белгілі болды. 18-ге жуық бір отбасының ғана адамдары мейрамға жиналған. Бұған қоса рәсім 60 минутқа созылып, мерекелік дастархан жасалмаған. Гольф алаңының әкімшілігін жазалауға мүмкін болмады. Себебі аудандық ішкі істер бөлімінде тиісті дәйектемелер табылмады. Құқықбұзушылықты дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болуынан бұл іс Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне қайтарылды", - деді департамент өкілі Кенжегүл Қонысбаева. 

Қазақстандық танымал тұлғалар карантинде той жасады - Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізудею

Ал Төрәлі отбасы той өткізген мейрамхана иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. 

- "Болжалды түрде той өткен мейрамхана иелері әлеуметтік желіде таралған видео мен суреттердегі жиын орнының оларға еш қатысы жоқ екенін туралы түсініктеме келіп түсті. Сол күні әнші Төрағали Төрәлі Нұр-Сұлтанға ұшып кеткен. Мейрамхананың видеоға қатысы бар екенін дәлелдеу мүмкін емес болғандықтан шаралар қолданылмады", - деп қосты департамент өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Төреғали Төрәлінің қарындасының тойы түсірілген видео мен суреттер жұрттың наразылығын тудырған еді. Бұл видео жауапты органдардың назарын аударып тексеріс жүргізіліпті. 

Ұлттық нақышта киінген Кәмшат Жолдыбаева көпшілікті таңдандырды (видео)
Мөлдір Әуелбекова өзін сынның астына алып жүргендерге өз жауабын берді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу