Фариза Төреәлі жеңгесі туралы бар шындықты айтты (фото)

Oinet.kz 28-08-2020 3052

Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы жеңгесі екеуінің қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Фариза Төреәлі ағасының жарымен жиі сырласатынын жасырмады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Фариза Төреәлі қыз ұзатуы мен тойы дүркіреп өткен соң, барша жақындарына алғысын жаудырып жатыр. Бұл тұрғыда ол өзінің жалғыз жеңгесін де елеп өтуді ұмытпаған. Қалыңдық ағасының әйеліне Instagram желісінде жүрекжарды жазба арнап, оған көрсеткен қолдауы мен берген ақыл-кеңестері үшін рахметін айтқан. Оған қоса, ол екеуінің өзара арақатынасы туралы бар шындықты ашты. 

- "Өзімнің ең сүйікті жеңгеме рахмет айтамын. Менің өмірімдегі ең маңызды сәтте осыншама көмектесіп, қолдау жасағаны үшін алғысым шексіз. Екеуміз әрдайым бір-бірімізге сырымызды айтып, түсінеміз. Мен де жеңгемді барынша қолдауға тырысам, жеңгем сияқты емес әпкемдей көремін. Екеуміз ешқашан ұрысып көрмеппіз, Аллахым ағам екеулеріңіздің махаббаттарыңызды баянды етсе екен деймін! Шыны керек дәл осындай түсінігі мол жеңгем барына шүкір етемін, мақтанамын да! Қатты жақсы көремін сізді. Сыйлықтарыңыз үшін бөлек рахмет" , - деп ағынан жарылды Фариза Төреәлі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Хочу отдельно поблагодарить свою любимую женгешку

Nur Otan партиясының отырысында қандай мәселе көтерілетіні белгілі болды
Ұлттық нақышта киінген Кәмшат Жолдыбаева көпшілікті таңдандырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу