Бесбаев ақшаға құныққан жастарды сынға алды (видео)

Oinet.kz 07-09-2020 1147

Мейрамбек Бесбаев бүгінде өзінің жобасын қолға алған Жанар Айжановаға берген сұхбатында "МузАрт" тобына жаңа солист іздеген сәтін есіне алып, ақшаға құныққан жастарды қатаң сынады, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

Әнші Мейрамбек Бесбаев Тоқтар Серіковпен бірге Жанар Айжановаға сұхбат беріп, ақша десе ішкен асын жерге қоятын жастар туралы сөз қозғады. Ол "МузАрт" тобына Мақсат Базарбаевтың орнына әнші іздеген кездерін есіне алып, ойын ортаға салды. 

- "Баяғыда біздер, "МузАртта" Мақсат Базарбаев кететін кезде әнші іздедік. Алматыда қанша кафе, қанша ресторан бар, солардың бәрінен музыканттарды іздедік. Анаған барамыз, мынаған барамыз, музыканттармен сөйлесеміз, дауыстары ұнағандары болады дегендей. Сөйтсек, көбіне жастар келмей жатып, бірден талап қояды", - деп есіне алды ол. 

Бесбаев сол сәтте өнерді бірінші кезекке қоймай, ақшаға құныққан жастарға таң болған. 

- "Біз әлі алған да жоқпыз. "МузАртты" білесің, қалай қарайсың" десек, "айлығым қанша" деп бірден ақшаны қозғайды. Бірінші алдыға өнерді қоймаған, ақшаны ойлап тұрған адам бізге келмейді екен", - дейді ол. 

Көпшіліктің сүйікті әншісі өнерге ақша табу үшін келмегенін алға тартты. 

- "Біз осы өнерге ақша табамыз деп келген жоқпыз. Ал, дүние - бұйырған нәрсе сен өнерде болмасаң да саған келеді. Жеті қат жердің астында тұрса да, саған бұйыру керек нәрсе бұйырады. Көбіне жастар бірінші планға ақшаны қойғаннан кейін, өнерлері алдыға шықпай жатады", - деп ағынан жарылды Мейрамбек Беспаев. 

Төреғали Төреәлінің 3 қабатты үйі көпшілікті тамсандыруда (фото, видео)
Жанар Айжанованың тым жас кезіндегі әні елді сүйсіндірді (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу