Әнші Айқын Төлепберген отбасымен Мысырға кетіп қалды (фото, видео)

Oinet.kz 21-10-2020 1795

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Айқын Төлепберген дүниежүзінде жүріп жатқан коронавирус пандемиясына қарамастан отбасымен шетел асып кеткен. Әнші бала-шағасы және жарымен бірге Мысыр елінде демалып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Айқын Төлепберген пандемия мен вирусқа қарамастан отбасымен шетелге кетіп қалған. Өнер иесі бұл шешімінің маңызды себебі бар екенін айтты. Анықталғандай, бүгін әнші мен оның жары Жұлдыз Өмірғалидің таныстығына бес жыл болған. Ерлі-зайыптылар атаулы күнді қалай болғанда да ерекше есте қаларлықтай атап өткісі келген. Соған байланысты бала-шағасымен бірге Мысыр елінен бір-ақ шыққан. Бұл демалысқа Айқын келіншегі мен екі баласымен барған. Жұлдызды жанұя Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласындағы қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Эстрада жұлдызы өнердегі өзге әріптестерінен қалыспай, шетел асып бара жатқанын Instagram парақшасында көпшілікке жария салған. 

- Бүгін Жұлдыз Өмірғали екеуіміздің таныстығымызға 5 жыл. Сондықтан еш пандемия мен вирусқа қарамастан біз бұл кішігірім юбилейді Египетте өткіземіз деп шештік. Оның үстіне антителамыз бар, - деп жазды әнші. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін @zhuldyzomirgali_official екеуіміздің таныстығымызға 5 жыл. Сондықтан еш пандемия мен вирусқа қарамастан біз бұл кішігірім юбилейді Египетте өткіземіз деп шештік (оның үстіне антителамыз бар). #rixospremiumseagate отеліне үлкен рахмет!!! Демалыс тамаша өтіп жатыр. Оны стористен көре аласыздар. Жалпы Египетке келетін болсаңыздар, Rixos-қа келіңіздер, өкінбейсіздер. Себебі барлық сақтық шаралары жоғары деңгейде сақталған. Және жалпы Шарм-эшь-шейхтың теңізі ерекше. Оны келесі посттар мен стористардан көре аласыздар. Назарларыңызға рахмет!

Жанар Айжанованың қызының кішкентай кезіндегі видеосы көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)
Үйлену тойын жасаған Қуандық Рахым қайынжұртымен қоса айыппұл төлейтін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу