Жанар Айжанованың қызының кішкентай кезіндегі видеосы көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)

Oinet.kz 20-10-2020 1892

Қазақстандық танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың кішкене күніндегі видеосын Instagram парақшасында жариялады. Бата беріп тұрған 4 жасар қыздың балдай тәтті тілі көпшілікті сүйсіндірмей қоймады, деп хабарлайды Oinet.kz.  

image.png

- Менің ботам “күшті” бата біледі, “піссіләма - пісміллә” дегені. Жасы төртте ғана, енді ондай қате ханның қызында да болады дегендей. Ұстазы мен деп мақтанбай ақ қояйын - деді әнші Жанар Айжаанова. 

Кішкентай Айжұлдыздың қылығына тамсанған көпшілік ақ тілектері мен ниеттерін қарша боратуда.

- Құдай-ау, тәттісін-ай. Қолдары кіттей. Тәп-тәтті Айкоша барған жерінде бағы ашылсын. Бақытты болсын! Батаңнан айналыдым алтын қыз, Жаным сол, Бақытты болсын айналайын қызым - деді желі қолданушылары. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

МЕНІҢ БОТАМ “КҮШТІ” БАТА БІЛЕДІ, “ПІССІЛӘМА - ПІСМІЛЛӘ” ДЕГЕНІ . ЖАСЫ ТӨРТТЕ ҒАНА, ЕНДІ ОНДАЙ ҚАТЕ ХАННЫҢ ҚЫЗЫНДА ДА БОЛАДЫ ДЕГЕНДЕЙ

Гүлзира Айдарбекова Қайратты Криштиану Роналдуға ұқсатты (видео)
Әнші Айқын Төлепберген отбасымен Мысырға кетіп қалды (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу