Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі әйелі туралы ойын айтты

Oinet.kz 04-12-2020 2563

Халықтың сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева бұл күні сахнада ғана емес, желіде де белсенді. Тіпті сахнадан гөрі әлемеуметтік желіден көп шығады. Әнші әр оқырманының пікірін ерінбей оқып, жауап жазып отырады.  

  Алтынай Жорабаева.jpg

Әнші оқырман сауалына жауап  бере отыра бұрынғы күйеуі Сәбиттің қазіргі әйелі туралы айтты. 

"Динара Абдуллина күйеуіңізді айналдырып тиіп алғаны үшін, төрт қызыңыздың көз жасына қалып, жылатып, бір отбасын шайқалтып, біреудің ала жібін аттағаны үшін арғы дүниедегі ақыреті жаман болар", - деп пікір жазды оқырманның бірі.   

Жорабаева бұл сауалға жауап беріп, Динараның кінәсіз екенін айтты. 

"Динараның кінәсі емес ол. Еркекке байланысты бәрі. Әйел деген нәзік, сенгіш келеді ғой. Сезіммен ойнауға болмайды. Мен оларға шын ниетіммен Алладан тек бақыт тіледім. Міне Алланың әділдігі. Осындай жар сыйлады маған. Аллаға шүкір. Алла бізден жақсы біледі ғой. Әр нәрсенің хайыры бар деген осы. Осымен бұл тақырыпты жабайық. Алла әділ", - деп жазды Алтынай ханым.  

Stan.kz

Әншілер Ақбота Керімбекованы туған күнімен ерекше құттықтады (видео)
Танымал журналист: «Сәкен Майғазиев сауатсыздығын, қателігін білсін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу