«Сырын айтып отырмын» - Қарақат Әбілдина жолдасы туралы сыр шертті

Oinet.kz 08-02-2021

Қазақстандық белгілі әнші Қарақат Әбілдина ер адамның отбасыдағы және қоғамдағы орны туралы баяндады. Ер кісі түздің адамы деп есептейтін ол жолдасыңды жаныңда ұстау жөнсіз екенін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қыдырәлі мен Қарақат.jpg

- Қайырлы кеш жақсыларым!

Кешегі біздің естелік-видеоның астына көп жақсы сөз жаздыңыздар. Жауап қатуға шама жеткізбегенмен, бәріне көз жүгіртіп қоямын. Өзі келіп сұрамаса, ешкімге де “отбасы, жанұяны сақтау, оның сыйы мен сыны” туралы ақыл-кеңес айтпадым. Себебі, өзім де көре үйреніп, жүре біліп келе жатырмын. Тек менің жылдар бойғы ұстанатын бір ұстанымым бар. Соны ғана айтайын. Ұнаса аларсыз, ұнамаса өзімде қала береді.

Менің ұғымымда - ер кісі түздің адамы. Ешқашан “қайда барасың, қайдан келесің” деп сұрап, “барма, келме” деп азаматымның жолын кесіп көрмедім. Мынау бітпейтін күнделікті күйбең тіршілік - ер адам түгілі әйелдің өзін жеп, жұтып жібере жаздайды.

Бірінің артынан бірі ерген кілең майда баламен жинаған не үйің тұрмайды, не жуған кірің тұрмайды, қайталана бертін бір тірлік. “Бытовуха” дейді ғой, сол тұрмыстың ішінде лабиринтте жүргендей күндікке айналамыз да қоямыз әйел біткен. Ал мұндайда бәрі де ерінің жанына жалау болғанын, қасынан табылғанын қалайды. Әрине, болсын, қолғабыс етсін. Бірақ , үнемі емес. Ер адамды бір өзіңнің бетіңе қаратып, аяғын тұсаулап, байлап ұстау мүмкін емес, дұрыс та емес.Олай болса ер адам еңсесі, ұнжырғасы түсіп, қажыр-қайраты, қиялы үй ішінің әңгімесімен шектеліп қалады. Ой ойлауға, жаңа іс бастауға көңілі де құлқы да болмайды.

Осы кезде Қыдекең Астанада ғой. “Ата-анаға өз баласын қарсы қоятын заң жасалынып жатыр екен, барып қарсы шыққандардың басы болайын” деп, бір күнде билет алып жол жүріп кеткен. Телеарналардан шығып жүрді, білерсіздер. Енді балаларды, әсіресе қыздарын сағынып осы бүгін келе қалайын ба дейді. Мен оған: “елде бола тұр, үлкен ұлдың жанында бол” деп асықтырып жатқаным жоқ.

Менің білерім: Ер кісінің орны - қоғам. Еңбекке араласып, қоғаммен құраласу, ағайынмен ат шаптырып, ақылдасу. Түздегі нәпақасын ақ адал еңбекпен тауып, шаңырағының шатырынан суық ызғар өткізбеу. Отбасының бақытын сақтау - көбіне әйелден сабыр, үлкен төзімді қажет етуі, тіпті талап етуі мүмкін. Сол кезде дес бермей, міз бақпай тік тұра білу керекпіз.Солай әпке-сіңлілер! Ақылсынып билік айтты демеңіз, анамның берген тәлімі мен, жылдардың берген жемісінің сырын айтып отырмын деп біліңіз - дейді Қарақат Әбілдина. 

Әншінің көпшілік ерлі-зайыптыларға үлгі-өнеге боларлық сөзіне желі қолданушылары да жеке пікірін білдіруде. 

- "Қарақат өте дұрыс айтасыз, Ер адамсыз ештеңе өнбейді, үйдің іші қаңырап тұрған сияқты, тамақта іше алмай отырасың ол кісі жұмыстан келгенше. Аман болайық! Заманымыз тыныш болса екен, бәрі жақсы болады деп сенемін", "Өте орынды. Бірақ бұл ақыл деген 40қа таяған шақта кіреді көп әйелге, біреуге кірмей де кетуі мүмкін. Сол жұмыстан соң балаға қарамадың деп ерінің жағасынан алатындар, сол үшін ажырасып та жатыр. Балаларға обал", "Өте дұрыс айтасыз, келісемін. Халқымыздың ұстанымы да нақ осы ғой. Отбасы моделі мен формуласын баяғыдан-ақ ешбір психологсыз, тренингсіз-ақ қайран атам қазақ айтып кеткен . Жақсының жұрнағы бола білейік. Осындай берік дәстүрімізге нұқсан келтірігіш, батысқа еліктегіштер көп бірақ", "Менің де ұстамымы осы. Алла махаббатарыңзды баянды еттсiн! Ұл - қыздарыңыздың сый құрметiне бөленуге жазсын!", "Өте дұрыс Қарақат ханым сізден өнеге аламыз" - дейді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Мейрамбек Беспаев өзін іздеген әжеге сыйлық беріп жіберді (видео)
Мәдина Сәдуақасова күйеуінің тоқал алуына байланысты пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу