Заттыбек Көпбосынұлы хан сарайындай үйін 182 миллионға сатпақ (фото)

Oinet.kz 04-10-2021 1975

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы үш қабатты үйін сатуға шығарды. Ол Шымкент қаласында орналасқан зәулім сарайына 185 миллион теңге сұрап отыр.

Заттыбек.png

Әнші кең сарайдай жаңа үйіне отбасымен 2015 жылы көшіп келген. Заттыбек үйін көне грек мәдениетінің стилінде жасаған.

- Үй 12 бөлмеден тұрады. Кең қонақ бөлмелері, жатын бөлмелер, кинозал және екі мезгілге арналған ас үй бар. Жер телімі 16 сотық. Жиһаздармен қоса сатылады, — дейді әнші

- Әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар. Бұл өмір. Түрлі жоспарларым бар. Әзірге оларды айта алмаймын – дейді Заттыбек.

Бұрынырақ әнші Instagram-дағы парақшасында ауласының бір шетінен ауылдастарына арнап намазхана салдырғанын жазған еді.

- Менің үйім, менің шаңырағым — талай жақсылықтарымның талай тарландар мен таланттарға төрінен орын берген береке бірліктің куәсі. Алланың маған берген ризығы мен адал еңбегімнің жемісі. Алланың маған бергендеріне сансыз шүкірлер етемін. Менің де Алла ризалығы үшін істеген бір ісім болсын деп, шарбағымның бір шетін ауылдастарым мен Алла жолын танып білгісі келгендер үшін намазхана етіп бердім, — деді ол жазбасында.

View this post on Instagram

Публикация от Заттыбек Көпбосынұлы (@zattybek)

Айқын ұлының туған күнін бұрынғы әйелімен бірге өткізді (видео)
Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын өз бейнебаянына түсірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу