Белгілі психолог: «Жақында еркектер әйелге айналады»

Oinet.kz 16-11-2021 1137

Қазіргі таңда отбасыны кеш құру мәселесінің өз себептері мен салдары бар. Еxk.kz тілшісіне психолог-сексологтың айтуынша, мұның барлығының себебі мен нәтижесі бұлыңғыр. Болашақта жыныстар өзгеруі мүмкін, яғни әйелдер еркекке, еркектер әйелге айналу қаупі.

ывпа.png

Өткен ғасырда дүниеге келген кісілер 20 жасқа дейін отбасын құрып, ата-ана атанған. Неліктен бұл ғасырда үйлену жасы 30-ға жақындап қалды, тіпті ол жастан асып кетуі де мүмкін.

- Ер адамдар ешқашан отбасын құруға асықпайды. Ал қазіргі әйелдер өзін-өзі қамтамасыз етіп, ақша тауып, мансап жасағысы келеді. Яғни, ерлер мен әйелдердің орны ауысқан. Бала кезінен ата-ана қыздарға: «Еркекке сенбеу керек» дейді. Неге екені белгісіз... Еркек - сенімсіздік, - деп түсіндіреді  - дейді психолог Анжела Әбдірашитова.

Оның айтуынша, дәл осы көзқарасты сақтаған қалпында әйелдер жалғызбасты өмірден өтеді. Сондай-ақ, әйел сәтті мансап құрып, ер адамның міндетіндегі нәрселердің бәрін өз мойнына алады. Осылайша әйелдер ер адамға айналуы мүмкін көрінеді.

Роза Рымбаева: «Тағдыр адамның маңдайына жазылатын дүние ғой»
Гүлзира Айдарбекова: «Бақытсыздық жайлап» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу