Саят Медеуовке екі ота жасалды

Oinet.kz 01-03-2022 1175

OINET.KZ - Саят Медеуовтің жары Гүлбаршын Байжігітова әншінің қазігі жағдайы туралы айтып берді. Әйелінің айтуынша, кеше, 28 ақпанда әншіге ота жасалған.

Screenshot_15.png

"Дәрігерлермен сөйлестім. Операция жасалды. Ота сәтті аяқталды. Наркоздан оянды. Бірақ бізді кіргізбеді, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтты", - дейді ол.

Өнер иесі  Қызылағаш-Сағабүйен тасжолында жол апатына түскен. Ауруханаға 27 ақпанда таңғы уақытта түскен.

"Қазір нақты қай ауруханада жатқанын айта алмаймыз. Түрлі дене жарақатын алған, аяқ-қолы сынған. Соған байланысты операция жасалды. Аллаға мың да бір шүкір. Тілектес болып жатқан барша халыққа менің және отбасымның атынан көп рахмет. Көп тілеуінің арқасында жағдайы жақсарды деп ойлаймын", - дейді әншінің әйелі.

Димаш Құдайберген соғысқа қатысты маңызды үндеу жасады
Белгілі нумеролог Қайрат Нұртастың ажырасатынын 5 жыл бұрын болжаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу