Белгілі нумеролог Қайрат Нұртастың ажырасатынын 5 жыл бұрын болжаған

Oinet.kz 02-03-2022 3171

OINET.KZ - Жақында ғана  Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыздың ажырасқанын растаған болатын. Осы мәлімдемеден кейін   Бауыржан есімді нумеролог инстаграм парақшасында мынадай қызықты пост жариялады. Нумерологтың айтуынша ол осыдан 4 жыл бұрын эстрада жұлдызының ажырасатынын және екінші әйелі пайда болатынын, тіпті бесінші баласы дүниеге келетінін айтыпты.   Нумеролог 2018 жылы жазған постын қайта көрсетіп, болжамдарының орындалғанын айтуда.

Screenshot_2.png

"Құрметті достар, өкінішке қарай, Қайрат Нұртасқа қатысты 2018 жылы берген болжамдарым орындалды. Осыдан 5 жыл бұрын Қайраттың Жұлдызбен ажырасатынын, мұны көпке дейін жасыруға тырысатынын және өмірінде басқа әйелі болатынын айттым. Видео дәлелдер мен скриншоттарды назарларыңызға ұсынамын. Болжамымды жариялаған кезде, Жұлдыз менің парақшама кіріп, стористерімді қараған. Ал былтыр Нұртас отбасына жақын адамдар менің кеңесіме жазылды. Бірақ ол туралы (авт. – Қайрат) талқыламадық. Демек, болжамдарымның орындалатынына олардың көзі жетті, бірақ айта алмады", –  дейді нумеролог.

"Бұл жігіт әйелдер қауымының назарында болғанды ұнатады. Қыздар да оның артынан қалмайды. Себебі оның харизмасы, тартымдылығы жоғары. Өзі де кет әрі емес. 2019 жылы оның өмірінде жаңа махаббат пайда болуы мүмкін. 2019-2020 жылдары бесінші баласының дүниеге келуі бағдарламасында бар. Жалпы бұл әртіс көпбалалы болуы керек. Қазір төрт баласы болса, болашақта алты балаға дейін баруы мүмкін. 

Сондай-ақ оның бағдарламасында екінші неке бар. Бірақ ол үшін ата-анасының абыройы биік. Отбасы мен жақындарын ренжітпеу үшін, ол мұны құпияда ұстауы мүмкін", – деп жазған нумеролог 2018 жылдың сәуірінде жариялаған постында.

Саят Медеуовке екі ота жасалды
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы: Анам әкемді қайта қабылдауға дайын еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу