Балтабек Нұрғалиевтің қолқасын президент ести ме екен?: "Ұлы ақын" Тоқаевқа өлең арнады

Oinet.kz 21-06-2022 1396

Оқылымы жағынан Абайдан да асып кеткен "ұлы" ақын Балтабек Нұрғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өлең арнады. Елбасын мақтап жазған ода-тақпақтарымен танылған ақын, қазіргі президентке депутат болуға ашық қолқа жасап өлең жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Аталаған өлең фейсбук әлеуметтік желісінде кең тарап, көп оқылып кетті:

"Айтпайық ешқашанда қыңыр пайым,

Айтайық әрқашанда сұлу пайым.

Кемеңгер Қасым-Жомарт Кемелұлы,

Бастаған Ұлытаудың құрылтайын!

Дәл келді құрылтаймен күнім туған,

Осы күн өмірімде ұмытылман.

Мен айтсам туған күнгі арманымды,

Орындар Президентім Ұлы Тұлғам!

Халықтың тілегінен табайын бақ,

Биліктің қақ төріне барайын нақ.

Қолдаса мына мені Президентім,

Депутат Парламентке тағайындап!

Мен Жаңа Қазақстанға сәлем дедім,

Халқыма адалдықты дәлелдедім.

Бұл Жаңа Қазақстанның орнауына

Менің де мол үлесім, бар еңбегім!",- депті ұлы ақын. 

"Алматының жарты әншісі таксиде жүрді": Бауыржан Исаев
Тұрсынбек Қабатовтың әйелін оқырмандары орнына қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу