"Алматының жарты әншісі таксиде жүрді": Бауыржан Исаев

Oinet.kz 21-06-2022 1025

Әлем карантинге жабылып шоу-бизнес, той-томалақ түбегейлі тоқтап әншіліердің табыс көзі суалған кезде, біраз әнші таксист жүргізушісі болып қызмет еткен екен. Бұл туралы Бауыржан Исаев ұлттық арнадағы "1001 түн" бағдарламасында айтты деп хабарлайды Oinet,kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

"Тек қана біздің емес, қазақ елінің басына түскен үлкен сынақ болды. Той мен концерттер тоқтағаннан кейін, бәріміз үйде отырып қалдық. Жасыратыны жоқ, таксист де болдық, жеткізу қызметінде де жұмыс істедік. Алматының жарты әншісі таксиде жүрді. 

Нұр-Сұлтанда құрылыста істейтін жақын досым бар. Соның өзі:

"Маған біраз тамада, әншілер келді. Қиналып қалғандарын айтып, жұмыс сұрады. Кафель қоямыз, левкас жағамыз дегендей", –  деді. Тең жартысы әншілер деді.

Өзім үйде жата алмадым. Он екі мүшем сау, астымда көлігім бар. Жинаған қорым да болған жоқ. Жақсы тұрамыз, Әлхамдулиллях", – деді ол.

Әнші такси жүргізушісі болып жүріп қанша жерден сақтық шараларын ұстанғанмен, бір ауырып тұрғанын айтты.

"2020 жылы Шымкентте әкем мен анам қатты ауырған болатын. Өте ауыр халде жатты, бірақ Әлхамдулиллях, Алланың рақымымен емделіп шықты. Ауруханада жүріп, өзімнің де ыстығым көтеріліп ауырдым", – дейді Исаев.   

Қарапайым келіншек дүйім елді әуезді үніне елітіп, тәнті етті (видео)
Балтабек Нұрғалиевтің қолқасын президент ести ме екен?: "Ұлы ақын" Тоқаевқа өлең арнады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу