"Әкем қарсы болды": Жұлдыз Абдукаримова

Oinet.kz 29-06-2022 1299

Жалпы қыз баласының өнерге келуі міндетті түрде ата-ананың қарсылығын тудыратын сияқты. Бұл жағдай актриса Жұлдыз Абдукаримованың да басынан өтіпті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

9-сыныпты бітірген соң, Жұлдыз өнер колледжіне оқуға түсуге оқталған. Әкесі оған: "Бір рет тапсырғаннан түссең, оқисың. Түсе алмасаң, өнер жолына бармайсың", - деген. Берілген жалғыз мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға тырысқан Жұлдыз ақырында өнер ордасынан бір-ақ шыққан. 

"Сөйтіп, әкемнің шарты бойынша, оқуға алғашқы тапсырғаннан-ақ түсіп кеттім. Өзім де таңқалдым. Сол сәттен бастап өзіме, өнеріме сене бастадым.

Ешқандай әке-көкесіз, ақша мен байлықсыз арманыңа жетуге болатынын түсіндім. Оқу бітірген соң театрда 6 ай қызмет еттім", - деп ағынан жарылды Әбдікәрімова.

Жұлдыз колледж қабырғасында жүріп Қайратпен танысқан. Екеуі бір-біріне ғашық болып, дипломдарын алған соң көп ұзамай отбасын құрған. Бұдан кейін Әбдікәрімованың актерлік мансабы 10 жылға тоқтады. Ол төрт баланы дүниеге әкеліп, олардың тәрбиесімен айналысты.

"Төрт дипломы бар Толқыным": Төреғали Төреәлінің жары жаңа мамандықты меңгерді
Нұртас Адамбай гомосексуал кейіпкерлері бар мультфильмге Қазақстанда тыйым салынғанын талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу