«Қанатымды қиятын адам»: Ақбота-Нұр болашақ жары туралы талаптарын айтты

Oinet.kz 19-08-2022 1017

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет болашақ жарына қояр талаптарын жайып салды. Ол өрісін шектейтін жанға жар бола алмайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_20.jpg

КешYou-де ән салып жүріп Дәурен Айдарқұловпен танысқан Ақбота-Нұр көп ұзамай әзілкешпен бас қосады. Бүгінде ортақ некеден туған бір ұл мен бір қыз өсіп келеді. Алайда екеуінің отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Ақботаның айтуынша, өнер адамы болғанына қарамастан, Дәурен оны шамадан тыс қызғанатын. Сол үшін арада ұрыс-керіс те көп болатын. 

Ал сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаулаған Ақботаның ендігі болашақ жарына қояр талабы бар. Instagram оқырмандарының бірі Ақботадан шоу-бизнесті әлде отбасын бірінші орынға қоятынын сұрады. 

"Екеуі де мен үшін маңызды. Мені бар болмысыммен қабылдаған адам өз таңдауына қарсы шығады деп ойламаймын. Өрісімді шектеп, қанатымды қиятын адам менікі емес", - деп жауап берді Ақбота-Нұр.

Одан бөлек, актриса қаншалықты кешірімді екенін айтты.

"Өткен шақтағы Ақботаш көбінесе кешірімді таңдайтын. Ал қазір "қалған көңіл - шыққан жан", - деді Сейтмағамбет. 

«Ерігіп жүрсіңдер ме?»: Блогерлерді әртіс деп ойлап қалған ата желіні жарды (видео)
«Еркектер қатын болып, әйелдер ер болды ғой»: Әуелбекованың ермінезділігіне жұрт сүйсінді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу