«Шашым түсіп, депрессия болды»: Қыран Талапбектің әйелі бірінші некесі неге сәтсіз болғанын айтты

Oinet.kz 23-10-2023 1535

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің жары, блогер Гүлзада Тұрлаш "Менің өмірім" бағдарламасында бірінші некесі туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Оның сөзінше, 18 жасында бірінші күйеуін кезіктірген.

"Стресс, депрессия болды. Шашым түсті, қиып тастауға тура келді. 16 жасымда екі киноға түскеннен кейін 18 жасымда бір жігітті кездестірдім. Әкем "алғаш білегіңді ұстаған жігітке тұрмысқа шығасың" деп өсірген. Солай кішкентай кезімде, 18-ге енді толған кезімде тұрмысқа шығып кеттім. Одан кейін бір жыл болмай арамыз ажырап кетті. Кішігірім депрессияға түстім, стресс болды. Кішкентай болғаннан ауыр өмірлік сынақтардан өту қиын болды. Одан кейін бәрі жақсы, орнына келді", - дейді Гүлзада Тұралш.

Сонымен қатар, ол бұрынғы күйеуімен мінезі жараспағанын жеткізді.

"Қатты есейген уақытым болды. Үйде бір зат істемейтінмін. Мамам түк істетпейтін. "Сабағыңды оқысаң болды" (дейтін - еск.). Ыдыс жуып көрмегенмін. Тұрмысқа шыққаннан кейін бәрін істеп кетеді екенсің. Адамдар әртүрлі болады. Жолдасыммен мінез-құлқымыз келіспей қалды. Әркімнің өмірінде болады, тағдыр деп қарадым, қабылдадым", - дейді ол. 

Кәмшат Жолдыбаева күйеуімен түскен суреттерін не себепті жарияламайтынын айтты
«Сол қыздың артын жинау – менің жауапкершілігімдегі іс болатын»: Ерке Есмаханның жеңгесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу