«Сол қыздың артын жинау – менің жауапкершілігімдегі іс болатын»: Ерке Есмаханның жеңгесі

Oinet.kz 06-11-2023 3217

Белгілі әнші Ерке Есмаханның алғашқы ұстазы әрі жеңгесі әншінің балалық шағы туралы айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Қыздар-ай” бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Еркенің алғашқы ұстазы, Білім беру ісінің үздігі – Ләззат Нұрмахан.  

“Ұстаздық жолда жүргеніме – 38 жыл. Соның төрт жылы халыққа кеңінен танымал Ерке Есмаханға ұстаздық етумен өтті. Өте қатал мұғалім болдым.  Өз балаларымды да аямай ұрып алатынмын. Мен келін болып түскен кезде Ерке алты жаста болатын. Алғаш әріп үйретіп, қалам ұстатқан алғашқы ұстазымын. Атына заты сай, өте ерке болды. Мектепке баруға, сабақ оқуға ынтасы болмады. Бір үйде тұрғандықтан, мектепке жетектеп алып кетемін. Үйден шығуға дайындалып жатсақ мамасының артына тығыла қоятын. Сол жерден шықпай отырып алатын. Атамыз кішкентайынан музыкалық  мектепте оқытты. Қызының әнші болғанын жан-тәнімен қалаған кісі. Ерке менің тәрбиемдегі қыз болды. Бала күнінен өнерге жақын өсті. Сахналарда ән айтып жүретін. Сондай күндердің бірінде бірде туфлиін тастап кеткен, бірде сахнаға киетін көйлегін тастап кеткен. Сол қыздың “артын” жинап, киім-кешегін реттеу – менің жауапкершілігімдегі іс болатын. Сахнаның сыртында Еркені дайындап жатсам:“қызыңыз ба?” деп сұрайтын: – “қайынсіңлім” десем, мамасынан артық дайындап келіпсіз деп таңғалатын. Мектеп бітіргенше соңында жүріп, оқуға түсірдім. Мені “Ләзтапа” деп атайды. Дүние алма-кезек деген рас екен. Өзімнің қыздарым Алматыға оқуға түскенде Ерке бас-көз болып, тәрбиелеп, адам қатарына қосты, – дейді әншінің жеңгесі. 

Ең қызығы Ерке Есмаханның баласының да алғашқы ұстазы – Ләззат апай екен. 

“Тағдырдың жазуымен Мүсілім кішкентайынан біздің әулетте өсті. Мектеп жасына жеткенде жекеменшік мектепке оқытқысы келді. Бірден қарсы болдым. Жекеменшік мектепте білім алған баланың деңгейі төмен болады. Мектептің атағы балаға білім болмайды. Мүсілім де жалпы білім беретін мектепте білім алып жатыр”, – дейді ұстаз.  

«Шашым түсіп, депрессия болды»: Қыран Талапбектің әйелі бірінші некесі неге сәтсіз болғанын айтты
Ирина Кайратовна тобындағы мобилографтың неден көз жұмғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу