«Су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайын сотын тамашалайық»: Еркебұлан Дайыров

Oinet.kz 02-04-2024 717

Отандық киножұлдыз, актер Еркебұлан Дайыров елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғаларға билік өкілдерін айыптады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Актердың айтуынша, халық өз мәселесін өзі шешіп, билікке арқа сүйемейтін көрінеді. 

“Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз. Бұрын мектепте, сыныптың жөндеу жұмыстарына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына жинайтынбыз.  Міне, Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға ат салысатын болдық. Кейде маған біздің халық, апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-ашыған көкбөріні елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатыр-ау…

Ал үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсыз да түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма. “Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар” деген сөз бар. Бәрі бір Аллаға аманат! Бұл запыраныма да уақыт бөліп оқығандарыңызға рақмет!

Батысты су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайын сотын тамашалайық ағайын!”, – деп жазды актер. 

Желі қолданушылары актердың ойын бірауыздан қолдап, халықтыі амандығын тілеп, түрлі пікір жазып жатыр. 

“Әнші, блогерлер дүрлігіп ақша жинауға шақыруды доғарсын! Бөлінетін ақшаны күтіп, талап ету керек”, “Өз қотырымызды өзіміз қасып жатырмыз”, “Су басқан уақытта, соттың да басталғанын қарашы”, “Халық билікке сенбейтін болды”, – деп жазды оқырман қауым. 

«Жай ғана жолы болғыштар»: Тоқаевпен кездескен блогерлер мен әншілер сынға қалды
«Шыдап өлсең, шахид болып өлесің»: Радикалдың әйелі жан сырын ақтарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу