«Жай ғана жолы болғыштар»: Тоқаевпен кездескен блогерлер мен әншілер сынға қалды

Oinet.kz 20-03-2024 392

Мереке күні қарсаңында мемлекет басшысы креатив жастармен кездесу ұйымдастырып, жобаларымен танысты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевқа музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия, жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылған еді. Сонымен қатар кездесуге өнер өкілдері де қатысты. Ayree, Yeanlik, Раим, Ерболат Беделхан, Мирас Жүгінісов, Саддрадин секілді шоу-бизнес мамандары да төбе көрсетті. 

Желі қолданушылары кездесуге келген жастардың басым көпшілігі блогерлер мен әншілер екенін байқап, сынға алды.

“Жай ғана жолы болғыштар дер едім. Негатив емес. Креатив деген әншілер емес. 1-2 еуін ғана шақырып, қалған адамдарды басқа саладан жинауы керек еді. Тізімді кім жасады екен деп еріксіз ойланасың”, – деді желі қолданушысы. 

Одан кейін әнші Ayree жеке парақшасында пікірді бөлісіп, жауап берді. 

“Дым еңбегі мен үлесі жоқ, креатив емес, жай ғана адамдардан сәлем! Ұзын сөздің қысқасы, шатпаңдар қарақтарым! Жүректеріңді кеңейтіңдер! Шынайы қуаныңдар! Жақсылық тілеңдер, бағалаңдар!”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Screenshot_2.jpg

«Ұлым орыс мектебінде оқиды»: Мөлдір Әуелбекова ұлын ренжітіп алғанын айтты
«Су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайын сотын тамашалайық»: Еркебұлан Дайыров
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу