«Қалтаңдағы ақшаға қара»: Бүркіт пен Аиша несиеге көлік алатындарды сынады

Oinet.kz 08-04-2024 1113

Өнерлі жұп Бүркіт пен Аиша халықты несиеге салоннан көлік алмауға үндеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Жұлдызды жұп халықты несиеге жоламауға үндеді. 

“Үйдегі жәй әңгіме ғой. Қарызға батпаңыздар! Автосалонға кірдік қой. Бес-алты менеджер қаламдарын қайрап отыр. "Келесі кезек кімдікі" деп. Сол жерде жүргендердің 80 пайызы несиеге көлік алып жатыр. Оның үстемақысы деген сұмдық енді. Адамдар қалай қарызға өмір сүре береді? Бұл дұрыс емес, арты жақсы болмайды. Адамдар қалтасында қанша ақша бар, соған келетін көлік алып, айдап жүре бермей ме? Түсінбеймін. Қалтаңа қарап көсілу керек, қарызға батсаң ұйқың тыныш болмайды. Мейлі, несиеге көлікті аларсың, бірақ ертең оны соғып алсаң не болады? Көлік жоқ, бірақ несиесін төлеуге міндетті боп қаласың. Банк сенің жағдайыңды түсінбейді. "Апатқа ұшырапты ғой, істетіп алған соң төлейді" демейді, ешқашан. Қалтаңда бар ақшаңа сай өмір сүру керек. Халықтың қарызға батып, несие үстіне несие алып жүргеніне "Инстаграм" да кінәлі". – деді Бүркіт.

Жарының сөзін әнші Аиша да қолдап, тыңдарман қауымды несиеге жоламауға шақырды. 

“Ел ішінде "ең алдымен өртті, сосын қарызды, сосын барып жарықты сөндіру керек" деген сөз бар. Яғни адамның қарызы жанып жатқан өртпен тең екен", – деп жарының сөзін толықтырды Аиша.

Алайда желі қолданушылары өнерлі жұптың пікірімен келіспейтінін жарыса жазып жатыр. 

“Өз өміріңмен біздің өмірді салыстырма”, “Аш бала тоқ баламен ойнамайды деген сөз бар”, “40 жамаулы көлікті алып, күн сайын апатқа ұшырап жатқандар қаншама”, “Көлікті несиеге қажет болғасын алады” деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

«Шыдап өлсең, шахид болып өлесің»: Радикалдың әйелі жан сырын ақтарды
«Сіздердің құсығыңызды иіскеп, жеу үшін салған жоқпын»: Тамара Асар халыққа шүйлікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу