«Сіздердің құсығыңызды иіскеп, жеу үшін салған жоқпын»: Тамара Асар халыққа шүйлікті

Oinet.kz 08-04-2024 1631

Тамара Асар әншілерді "шегіртке" дейтіндерге, "шегірткенің миындай ми жоқ екен сізде" деп ренішін білдірі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Әнші су тасқынына зардап шегіп жатқан халыққа қолдау білдірді.

Халықты «Бір жеңнен бас, бір жеңнен қол шығаратын» сәт келді деп, көмек қолын созуға шақырды.

«Ағын су жолын табады

Ақ адам оңын табады…

Лайымда жолымен оңы табылсын

Ағынсудың ашуы басылып,арнасына қайтуын тілеймін. СУҚАСИЕТТЕН кеше гөр пендеңді”-деп кешірім сұраймын. Табиғатпен таласқа түсер ой жоқ, дейтұртұрғанмен пендешілікпен кеткен қателіктер жоқ емес шығар.

“Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады” -демекші телефон ұстап,әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын.

Бағана түсте дәл осы видеоны салған едім, постымды комменттерді оқып отырып білмей өшіріп алыппын. Аузына келгенін біраз адам құса салыпты.

Ол постты, яғни осы видеоны Сіздердің құсығыңызды иіскеп, жеу үшін салған жоқпын. Елге сөз қолдауым болсын деп салдым.

1)Шаңғы теуіп ерігіп жүрсің дегендерге!

Шаңғы тебетін күнге жетейін! Әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін.

2)Демалыста емеспін үйімде жүрмін.

Дәл су тасып жатқан жолға көпірге қарасты орманда иманымды үйіріп,тілегімді тілеп, жетінанымды пісіріп,Каспимен ел үшін қаражат жинағандарға ақша салып отырмын.

3)Шегіртке дегендеріңе оң болсын. Шегірткенің миындай ми жоқ екен сізде!

4) Жоғарыдағыларға жақынсыңдар ғой әншілер дегендерге:

Жоғарыға да,төменге де бірдейміз. Біз де халықтың бөлшегіміз! Ел басына күн туса,бірдей күн кешеміз!!!

5)Өнер адамдары елдегі жағдайларға атсалысып, арнайы ерікті түрде чаттар,орталықтар ашып,қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. Ауызбіршігімізден айналайын Әріптестерім,үлкен рахмет

Аманшылық,болсын, бірлік болсын!

Ораза қабыл болсын!», деп жазды.

«Мән бермеңіз, халық ашулы ызалы жоғарыға», «Керемет сөйлейсің. Өзің не көмек бердің, айта кетпедің бе. Сендер тек халықтан алуды ғана білесіңдер», «Шықты бәрі тақылдап», деп халық түрлі пікір жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

«Қалтаңдағы ақшаға қара»: Бүркіт пен Аиша несиеге көлік алатындарды сынады
«Қара шаңырақ еді»: Жанболат Найзабеков үйінің суға кеткенін көріп, жылап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу