«Неке қиятын жер белгілі болды»: Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермек

Oinet.kz 03-09-2024 491

Танымал актер, блогер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтеретінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Өнер иесі Мекке қаласына қажылық сапарға аттанып, сол жақтан жақсы жаңалықты сүйіншіледі. 

“Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым”, – деп жазды актер. 

Еске салайық, киножұлдыз екі баласының анасымен не себепті ажырасқандарын жайып салған еді. 

“Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасап, немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші”, – деп айтып берген еді өнер иесі. 

«Шыдамның да шегі бар»: Жанболат Найзабеков төрт рет ұшу уақытын ауыстырған әуе компаниясын сынады
«Алқаш дейсіңдер»: Мақпал Жүнісова тағы да видео түсіріп, елдің талқысына түсті (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу