«Нұрғанатты асылып қалды деді»: Шерзаттың әкесі Айтбек Амангелдімен неге байланысын үзгенін айтты

Oinet.kz 19-06-2025 567

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот үкімінен кейін журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Аталған сұқбатта ол Айтбек Амангелдінің іске қалай қосылғанын және не себепті оның көмегінен бас тартқанын айтты. Сондай-ақ шешімге қатысты ойымен де бөлісті. 

Қаржаубай Нұрымовтың сөзінше, қайғылы оқиға болған кезде отбасы ақшадан қысылған. Кәсіптері тоқтап, қарызды жинай алмаған.

“Ақша жоқ, бәрі затпен тұрғаннан кейін елге бірдеңе сатайын десең, жарты бағасына сұрайды. Қарызда ақшамыз болғанмен, оны жинай алмадық. Осы кезде достарымыз ақша жинап, адвокат жинайық деген. Келісіп, адвокаттар іздей бастадық. Талғардан адвокаттар хабарласты. Бірақ Талғардан ешқандай адвокат алмаймын деп шештім”,  – деді ол.

Айтбек Амангелдіге Қаржаубайдың туысы өтініш жасаған екен. Ал Шерзаттың әкесі бұл туралы білмепті.

“Айтбек басында қайғысы бар азамат болғандықтан, мені түсінеді деп ойладым. Дегенмен ол туралы, оның адвокаттары жайлы жаман ешнәрсе айта алмаймын. Жақсы адам жақсылығын, жаман адам жамандығын істейді. Сот өтті. Енді айтқанмен пайда жоқ. Бірақ жақсы адам жарты жолда лақтырмайды деп ойлаймын. Олар “бәрібір адвокат таба алмай, қайтып келеді” деп ойлаған болар. Бірақ Аллаға шүкір, Мейірман ағаға мен хабарласқанда, ол көмек беруден бас тартқан жоқ. Қолынан келгенше көмектесті. Соған ризамын”, – деді Шерзаттың әкесі.

Ол Айтбек Амангелдінің командасындағы адвокаттарға шағымы жоқ екенін айтады.

“Ақмарал, Карина, Саида маған қолдау көрсетті. Оны жоққа шығара алмаймын. Олардың еңбегін бағаламау – ұят. Ал Айтбекпен келіспеушіліктер болды. Ол мені қараласа да, ол туралы жақсы/жаман деп ештеңе айтпаймын. Әркімнің ісін халық өзі бағалайды ғой”, – деді Нұрымов. 

Сондай-ақ Айтбек Амангелді бұл іске басқа адвокаттардың қосылуына қарсы болыпты, тек өз командасы жауапты болады деген. 

Шерзаттың өлімі бойынша істің тергеуінде бір ғана күдіктінің адам өлтіру бабымен тергеліп, қалғаны "бұзақылық" бойынша істі болып жатқанын Қаржаубай көпке дейін білмепті. Сөзінше, мұны тек істі Мейірман Шекеев алғанда біліпті.

Айтбек Амангелдімен арақатынастың тоқтауына оның Нұрғанат Ғайыпбаевты “өзі асылып қалды” дегені әсер еткен.

“Ол халыққа Нұрғанатты асылып қалды деп айтты. Ол ондай ақпарат беретіндей тергеуші де емес, заңгер де емес. Туыстарым соған наразы болды. Ол кезде де “мүмкін, солай айту керек шығар” деп оларды тыныштандырдым. Кейін тағы да келіспеушіліктер болды. Алайда мен адвокаттарынан бас тартпадым, ресми түрде келісімшартты үзген жоқ едік”, – деді Қаржаубай Нұрымов. 

Бұған дейін Шерзаттың әжесі Мейірман Шекеевке өтініш жасаған. Яғни отбасына ақпараттық шабуыл, қаралау ісі бойынша көмек сұрапты. Алайда ол Нұрымовтың өзінің хабарласуын күткен.

“Мен желіге осы жайт бойынша өз өкінішімді білдіріп, видео жүктедім. Көпшілігі “істі алыңызшы” деп жазды, алайда жәбірленуші тарап өзі айтпайынша, қосыла алмадым. Қаржаубайдың “іс сізге аманат” деген сөзі маған әсер етті. Ол басқа күдіктілердің “Бұзақылық бабы бойынша сотталайын деп жатқанын білмеген екен. Естіген кезде шок болды. Кейін істі екі команда бірігіп қолға алсын деп өтініш жасадым, құжаттарды сұрап, адвокаттарға жаздым. Алайда Саида да, Айтбек те жауап бермей қойды. Аз уақытта 62 томды оқу керек болды”, – деді Шекеев. 

Сөзінше, алғашында іс бәріне Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша қозғалды. Бірақ кейін тергеушілердің шешімінен бап өзгертілді.

“Айтсаң, өз әріптестерім, алайда олар шағымдануға ниет білдірмеген. Сараптама бойынша өлімге пышақ сұққаны әсер еткен де, ұрып-соққаны жеңіл дәрежедегі зақым деп есептелген. Алайда іс кісі өлтіруге оқталу деп саралануы керек еді”, – деді ол.

«Ертегі құрастырып, хикаялар ойлап табады»: Блогер Зарина Сапардың экс-күйеуі айыптауға жауап берді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу