Түркістан: 3650 оқушыға мектепке қажет заттар жеткізілді

Oinet.kz 10-08-2023 208

Биыл «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары Түркістан облысы әкімдігімен бекітілген еді. Аталған жоспарға сәйкес, облыстық және аудандық, қалалық деңгейде штаб құрылып, жұмыс жасалынып жатыр. 

Screenshot_6.jpg

Осы жылы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген қағиданың 1 тармағында көрсетілген әлеуметтік осал топ отбасыдан шыққан 32 455 балаға мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін  облыстық бюджеттен 1 3 166 019 мың теңге қаражат бөлінген. Облыстағы экономикалық есептеулер бойынша әр балаға мектеп формасына 40 567 теңге белгіленіп, 32 455 балаға ата-аналарының өтініштеріне сәйкес, есепшоттарға аударылды.

Тамыз айынан бастап, «Атамекен» ҰҚП-сы мектеп тауарларын өндіретін кәсіпкерлерді тарта отырып, 17 аудан, қала әкімдіктерінің шалғай ауылдарында бекітілген кестеге сәйкес «Мектеп жәрмеңкесі» өткізуде. Бұл мектеп формасына қатысты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді. Сонымен қатар демеушілердің көмегімен балаларға мектеп формасы мен оқу-құралдарын алып беру жұмыстары алдағы уақытта жалғасады.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан Түркістан облысының 3650 оқушысына мектепке қажетті заттар жеткізілді. Алдағы уақытта облыстық Жастар ресурстық орталығының мамандары тиісті жандарға табыстайды. Ал Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының қолдауымен 300 балаға мектеп сөмкесі берілді.

Еске сала кетейік, 1 тамыздан басталған «Мектепке жол» акциясы қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Дархан Сатыбалды Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті
Д.Сатыбалды: «Ауылдарды өркендетуге күш саламыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу