Сайлау – болашаққа жасалған маңызды қадам

Oinet.kz 05-10-2025 84

Сайлау учаскесіне ең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге Құтарыс ауылдық округінің әжелер кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Мырзатайқызы Үрзада  апамыз №587 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. 

1000485723.jpg

«Ауылда атқарылатын жұмыс көп. Сайланатын әкім сайлауалды бағдарламаларында көрсеткен істерді жүзеге асырды деп ойлаймын. Туған жерімнің болашағы үшін дауыс беру - азаматтық парызым. Шәкірттерім де сайлау учаскесіне келеді деп сенемін» - деді талай жыл шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Апамызға сайлау учаскесінің төрағасы кәдесый табыс етті.

Таңғы 07.00- де басталған дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

​Әжелер дауыс беруде
Сайлауға қатысу — әр азаматтың маңызды құқығы мен жауапкершілігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу