Түркістанда тағам фестивалі өтті

6112eeac-e285-49bb-99ab-6b387c6ab62a.jpg

Бүгін қала әкімдігінің бизнесті дамыту және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен қалада алғаш рет Тағам фестивалі ауқымды іс-шарасы өтті. Шараның негізгі мақсаты жергілікті кәсіпкерлерге аспаздық бизнесін дамытуға өң серпіліс беріп, қолдау көрсету. 

Фестивальге арнайы қала әкімі Рашид Аюпов келіп, аспазшыларға оң бағасын беріп, дүйім жұртқа алдағы уақытта да тағам кәсібінің, жалпы кәсіпкерлік пен туризм салаларының жанданатының айтып өтті. Сонымен қатар шараға қойылған тағам түрлерінен дәм татып, өз пікірімен бөлісті.

Негізінен шараның ұйымдастырылып отырған тағы бір себебі аспаз бен тұтынушы арасындағы қызмет сапасын жақсартып, ұлттық және басқа да асханалардың дамып, көркендеуіне серпіліс беру, жергілдікті аспаздарды жігерлендіру болып табылады. 

Кәсіпкерлерге жігер мен жаңа серпіліс беретін аталған шараға 12 мейрамхана, кафе, дәмхана ұжымы мен жеке тұлғалар қатысып, бақ сынасты. Комиссия құрамында қала басшысының орынбасары Т.Мусаев, айтыскер ақын Б.Шойбеков сондай-ақ, туризм және тағам бойынша білім беретін жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары әділ бағасын берді. Нәтижесінде, "Da'mdf" пайдалы ас үйі бас жүлдеге ие болып, иесіне аталған "Арбат" алаңынан кәсіпкерлік орын берілді. Сонымен қатар, 1, II, IIl орынға ие болған азаматтар қаржылай және ас үйге қажетті дүниелерге қол жеткізіп, ашық аспан астында орын алған сайыста аспаздар "Үздік даяшы", "Үздік салат", "Үздік тағам", "Үздік десерт" және "Үздік сусын" номинацияларымен марапатталды.

e21445a4-e547-4eb8-a5f7-4154192565cc.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Цифрландыру арқылы қалада көлеңкелі экономикаға жол берілмейді
  • Түркістанда жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік саласы өркендейді
  • Қонақ үй кәсібімен айналысатындар көбейді
  • Мейманхана туристер үшін қызмет етеді
  • Туристер қызмет көрсету сапасына дән риза
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика