Әкім ауыл аралап жүр

Oinet.kz 16-07-2022 248

Screenshot_17.png

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін»- деп айтылған жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай  Достық, Ақшеңгелді, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдап, елді мекендердегі қордаланған түйіткілді мәселелерге қанық болды.

Аудан басшысы тұрғындардың ағын су, жер, мал шаруашылығы, ауыз су және басқа да әлеуметтік тақырыптар бойынша көтерген мәселелерге толыққанды жауап қайтарып, шешуге тиісті әр істі жеке қадағалауына алатындығын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында ауыл әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, әр тұрғынның мәселесін оңтайлы шешу керектігін атап айтты. 

 Бұдан соң аудан әкімі Алатау батыр, Ұзыната, Көксу және Қоссейіт ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында елді мекендердегі қордаланған түйіткілді мәселелер көтерілді. Аудан басшысы округтер бойынша көтерген мәселелерге толыққанды жауап қайтарып, шешу жолдарын түсіндірді.

 Сондай-ақ, кездесу барысында ауыл әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, мәселелерді ушықтырмай дер кезінде оңтайлы шешіп отыруды тапсырды. 

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Кәсіпкер атануға мүмкіндік көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу