Демеушілер екі отбасыға баспана сыйлады

Oinet.kz 21-10-2022 510

38.jpg

Түркістан облысындағы Сауран ауданында қайырымды жандардың қолдауымен екі отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Майдантал ауылдық округінде Сауран ауданының Құрметті азаматы Ержан Бексейітовтің бастамасымен баспанаға мұқтаж екі отбасына қуаныш сыйланды. Қайырымды іске ауылдың белсенділері және жеке кәсіпкерлері бірлесе ұйымдасқан. 

Саурандықтардың қуанышын бөлісу үшін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, ауданның зиялы қауымы, ақсақалдары мен тұрғындар жиналды. Сауапты іске ұйытқы болған барша жандарға алғыстарын білдірді. Жаңа баспанаға ие болған ауыл тұрғындары Әлжан Маханов пен Рахымжан Тапанов армандарын орындаған азаматтарға алғыстарын айтты. 

Бүгінде мемлекет тарапынан да, демеушілердің көмегімен де көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әркез қолдау көрсетілуде. Қайырымдылық жасау - ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиелектің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Түркістан облысында адал тапқан нәпақасын қайырымдылыққа жұмсап, мұқтаж жандарға жанашырлық танытып жүрген азаматтар саны өсіп келеді.

Сонымен бірге "Жанашыр жүрек" халықтық акциясы Созақ ауданындағы Тасты ауылында жалғасты. Аудандық "Жастар ресурстық орталығы" өкілдері мен ауылдың ерікті жастары бірлесе Тасты ауылындағы жалғыз басты ақсақалдың үйіне көмекке келді. 

Жастар Төлегенов Орынбасар қарияның қысқы отынын дайындауға білек сыбана кірісіп кетті. Олардың атсалысуымен ақсақалдың ауласындағы қоқыс жиналып, жері аударылды. 

Өнегесі мол істі қолға алған жастарға риза болған қария батасын беріп, алғысын жаудырды. 

Қарттардың көңілін серпілтіп, алғысына бөленген ерікті жастар "Жанашыр жүрек" шарасын "25-қазан Республика күні" мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырды. Қамқорлық шарасы жалғасуда.


Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы бастау алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу