Ащысайға баратын жол жөндеуден өтті

Oinet.kz 06-11-2022 195

16.jpg

Түркістан облысында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалуында тұр. Бұл ретте Сауран ауданында да жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сауран ауданындағы жалпы ұзындығы 15 шақырымды (Ойық ауылымен Ащысай ауылының арасы) құрайтын облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай - Р-31» автомобиль жолының 76-91 шақырымы аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық пайдалануға берілді. Құрылысын «Шымкентдорстрой» ПК» ЖШС жүргізді. 

Жөндеу жұмыстары кезінде ескі асфальт қабаты алынып, үстіне 2 қабат асфальт жабындысымен жаңартылды. Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауда болды.


«Аттап басқан алтын босағам»
«Асқаровтың ақ қайыңдары» драмасының премьерасы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу