Д.Сатыбалды: Басты ұстаным – халықпен тиімді байланыс орнату

Oinet.kz 09-11-2022 193

29.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелері туралы отырыс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

хабарлады.

Жиынға облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдері селекторлық режимде қосылды. Жиын барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыс нәтижесімен таныстырды. Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуі тиістігі баса айтылды. 

– Басты ұстаным – халықпен тиімді кері байланыс орнату. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс. Қоғамдық диалог, ашықтық, халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аудару – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды. 

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі аталған мәселелердің барлығын қарап шығып, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен тиісті құзырлы мекемелерге, қала және аудан әкімдеріне құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.


Апатты, үш ауысымды мектептер азаяды
Созақта «Атомшылар аллеясы» ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу