Шетел ғалымдары мастер-класс өткізді

Oinet.kz 10-11-2022 403

34.jpg

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында Ұлыбритания мен Ресейден белгілі ғалым-профессорлар Холден Генри, оның шәкірті Рауан Қайыржанов, нейрогенетик Сергей Курбатовтың қатысуымен мастер-класс өткізілді. Дәрігерлер диагнозы қиын науқастармен кездесіп, әр клиникалық жағдайды жеке қарастырды. Жалпы 50-ге жуық науқас қаралды. Пациенттер қозғалыс бұзылыстары, нейробұлшықет патологиясы диагноздарымен келді.

Айта кетейік, 10-11 қарашада Шымкентте «Клиникалық неврология және психиатрияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Алдымен жақын және алыс шетелдерден келген спикерлердің қатысуымен конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары ұйымдастырылады. Бағдарлама балалар мен ересектер неврологиясы мен жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелерін қамтитын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Туристік аймақтардың жолы жөнделді
Сауранда жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу