Түркістанда жасалған жиһаздар сапасымен ерекшеленеді

Oinet.kz 11-07-2019 1227

Screenshot_12.jpg

Облыс орталығы атанған киелі шаһарда бүгінде кәсібінен нәсіп тауып отырған жандар көп. Олар әр істің қиюын келтіріп қаланың дамуына өзіндік үлестерін қосып отыр.

Түркістан қаласындағы жасалған жиһаздарға бүгінде көпшіліктің сұранысы жоғары. Мемлекеттік қолдаудың аясында кәсіпорындар соңғы үлгідегі заманиу құрылғылармен жабдықталып, жоғары сапамен жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, Түркістанда орналасқан «Азия бренд» (ИП-Абишев) өнімдері еліміздің бірқатар өңірлеріне тарайды.

2013 жылы шағын ғана цехтан басталған мекемеде бүгінде 60-тан астам адам еңбек етеді. Цехта жиһаздарға қажетті шикізатты әрлеу өнімдері де осы жерде дайындалады. Жылдық өнімділігі – 10 мың дана жиһаз топтамасын өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, бүгінде жиһаз топтамасына қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдардың 80 пайызы жеке кәсіпкер өзі дайындауда.

Бұрындары Ташкент, Қытай елдерініне тасымалданған өнімдерді енді цехта өндіріп, өндірістің тиімділігін арттырып, баға тұрақтылығын сақтап отыр.

Қазір фабрикадағы жұмыстың 80-90 пайызы автоматтандырылған. Цехтағы жұмыст италияндық станоктар көмегімен жүргізілуде. Өнімнің сапасын жақсартып, көлемін арттыру үшін кәсіпорын қызметкерлері шетелдік мамандардан тәжірибе алмастырып отырады.Кәсіпкерліктің іргесін кеңейткен бұл кәсіпорыннан шыққан өнімдерге деген сұраныста жоғары. Арнайы тапсырыспен алдыратындар да бар

Жұмыс қарқыны жоғары, жұмысшыларды көңіл-күйлері көтеріңкі
Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу