Тазалық арқылы – туризмді дамытуға, қауіпсіздік арқылы – кәсіпкерлікті қолдауға...

Oinet.kz 24-07-2019 818

Screenshot_7.jpg

Еске сала кетсек, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың бастамасымен облыс орталығын таза әрі қауіпсіз қала қылу керектігі жөнінде орамды ойлар айтылған болатын. Қала таза әрі қауіпсіз болғанда мұнда ағылатын туристер саны еселеп артады. Және де туристер қаладан жағымды әсер алып шығады. Бұл қала туризмін дамытуда өте маңызды рөл атқарады.

Қала әкімінің туризмді дамытуға қатысты бұл ойы жастармен кездесуде зор қолдау тапқан еді. Мінекей, сол кезде айтылған ойлар сөз жүзінде қалып кетпей, нақты жүзеге аспақ.   

Бүгін Рашид Абатұлы қаладағы жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында қала әкімі жеке кәсіпкерлер қоса базар саудагерлерімен алдағы өзгерістер жайлы ашық әңгіме өрбітті. Кездесуде басты тақырып - адам өміріне келетін қауіптің алдын алу болды. Техникалық қауіпсіздік, санитарлық талаптар сақталған жерде түрлі мәселелер орын алатыны белгілі. Бұл өз кезегінде кәсіпкерді шығынға батырып, тазалықты болдырмай, туризм дамуын тежейді. 

Жиын барысында саудагерлердің ұсыныстары тыңдалып, нақты жауап берілді. 

Тамыз, қыркүйек айлары сауданың қызатын шағы екенін ескерген қала басшысы саудагерлердің саудасының тоқтамайтынын алға тартты. Алдағы уақытта жеке кәсіпкерлермен ортақ келісім жасалып, базардың қауіпсіз әрі көркем болуы жоспарланады. Нәтижесінде, қала көркі кіріп, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалады.  

Заманауи үлгідегі бассейн пайдалануға берілді
Музейге келуші туристер саны артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу