Туристер Түркістанға рухани ем алу үшін келеді

Oinet.kz 24-07-2019 1045

Screenshot_9.jpg

Түркістан қаласына туристер көбіне Қожа Ахмет Иасауи кесенесі үшін келеді екен. Олар кесененің жарты мың жылдықтан бері әлі де еш жері мүжілмей тұрғанына таң-тамаша болып, таңданыстарын жасыра алмайды. Сонымен қатар, олар кесене ішіндегі саздан жасалған құмыра, астау, науа секілді жәдігерлер таңдана қарайды. Осы сұрақтарға жауап алу үшін Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, «Шебер 2018» байқауының «Ұлттық кәдесый» номинациясының жеңімпазы Абайхан Рысбаевқа "Туризм саласында кәдесый қаншалықты маңызға ие? Көп туристердің мұздатқышқа жапсыратын магнит секілді типтегі бұйымдарға құмар болуы кәдесыйлардың жұтаңдығынан туындайды ма, әлде қалта көтеретін қолжетімділігімен байланысты ма?" деп сауал жолдаған едік. Бұл сауалға қолөнерші: 

- Шеберлер орталығына шетелдіктер жиі келеді. Оларға қолөнершінің мінсіз жасаған өнімінен, айқыш-ұйқыш болса да өзі жасаған бұйым таңсық. Құмыра жасайтын ұршыққа отырып, кесе жасайтын мөлшердегі саздан бұйым шығарғысы келеді. Басым бөлігі кесенің пішімін шығаруға тырысады. Көптеген мемлекеттерде арт-терапия кең тараған. Яғни, адамның психикасындағы күйзелісті өнер салалары арқылы жеңуге тырысады. Глинотерапия шетелдіктерді ерекше қызықтырады. Саз-топырақпен физиологиялық емделу де пайдалы. Бірақ, құмыра жасау арқылы жүйкені тыныштандырудың ләззаты бөлек. Франция, Таиланд секілді туризмі кең тынысты елдерден көрмелерге шақырту алдым. Архитектуралық ескерткіштен тыс адамдарды қолөнер бұйымдары қатты қызықтыратынын ұқтым. Құмыра жасайтын ұршығымды өз дүңгіршегіме қоямын да, қонақтардың көзінше ыдыс жасаймын. Шетелдіктер ерекше ықыласы ауып, қызығушылық танытады. Тіпті сол көрмеден соң бірен-сараны Түркістанға іздеп келді. «Кәдесый былай болуы керек» деп кесіп айта алмаймын. Талғамға талас жоқ. Нарық бағамы туристерге әсер етпейді. Көне шаһарға табиғилықты сүйетін қонақтар құштарлық танытады. Түркістанға туристер өнермен емдеу (арт-терапия) үшін де келеді, - деп жауап берді. 

Музейге келуші туристер саны артып келеді
Сапалы өнімге сұраныс азаймайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу