Шымкент қаласында тұрғын үйлердің жылу жүйесі бақылауда

Oinet.kz 28-09-2023 195

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың өзі бақылауына алған. Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде екен. Яғни, Тұран ауданы аумағында көпқабатты 544 тұрғын үй болса, соның ішінде 501 үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Қалған 43 үйде автономды жылыту жүйесі жұмыс істейді. 

Screenshot_22.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында тариф саясатын көтере келе, инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңарту мақсатында ынта танытып, жылу жүйесі, кәріз жүйесі сияқты маңызды нысандардың құрылысымен жұмыс істейтін компаниялардың тарифын көтеру жайын сөз етті. Бүгінде осы жүйелерді жаңғыртуға қызығушылық танытқан компаниялар аз емес. Дегенмен, олар бүгінгі күні алдағы жылу науқанына қызу дайындалуда. Жалпы бүгінге дейін жоғарыда айтқан аудан аумағындағы орталық жүйеге қосылған үйлердің 91 пайызында, яғни, 456 үйде сығымдау жұмыстары атқарылған. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалған 45 үйде бұл жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады, - дейді қала әкімі.

Бүгінгі таңда аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп- ұстау қызметін 6 сервистік мекеме, атап айтсақ, «ЖилСтройСервис», «NUR-D», «KazConstraction Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Еркин», «Сержан», «ТеплоСервис» жеке кәсіпкерліктері айналысады. Жалпы, 152 көп қабатты үйдің тұрғындары аталған компаниялармен келісімшарт жасасқан.

Сондай-ақ, ауданда жылу жүйесінің тозығы жеткен және ақауы бар 20 үй бар. Аудан әкімдігі бұл үйлерді аралап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ішкі жылу жүйелерін жаңарту мен қысқы маусымға дайындау тұрғындардың міндетіне жататынын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, 86 көпқабатты тұрғын үй ауласында жиналыс ұйымдастырылып, 64 көпқабатты тұрғын үйдің алдына хабарлама ілінген.

«Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныны тарапынан аудан аумағында Ю.Гагарин көшесі, А.Асқаров көшесі, Республика даңғылында жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде «Армада инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі А.Асқаров көшесіндегі 1400 метр және Республика даңғылындағы 436 метр магистралды жылу құбырын ауыстыру жұмыстарын толық аяқтаған. Ал, Ю.Гагарин көшесіндегі жұмыс қыркүйек айының соңында аяқтау көзделген. 

Шымкент қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі халықпен кездесті
Шымкент қаласында жастар нашақорлыққа қарсы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу