Шымкентте бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды

Oinet.kz 27-11-2025 118

Бүгін Шымкентте қала әкімдігі мен кәсіпкерлік субъектілері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар түзілді. 

1000511981.jpg

Бұл келісімдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу бағытында қабылданып отыр.

Бұл бастамаға «Грамад», «F-Mart» сияқты ірі сауда желілері, қаладағы азық-түлік базарлары мен ұн, ет, сүт, жұмыртқа, нан-тоқаш сияқты негізгі тағам өндірушілер, сонымен қатар, көтерме жеткізушілер де қосылды.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың айтуынша, меморандумдарға қол қою – бұл бір реттік шара емес, әкімдік пен кәсіпкерлік қоғамдастығы бірге жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстың жалғасы.

«Бизнес жоғары әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп келеді, бүгін біз тағы да бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық. Біздің ортақ міндетіміз – қала тұрғындарын тұрақты бағамен, ашық нарықпен және негізгі өнімдермен қамтамасыз ету. Мұндай келісімдер нақты әсер беріп, азық-түлік нарығындағы кез келген құбылысты дер кезінде бақылауға, әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді А.Кәрімов.

Айта кетейік, меморандумдарға 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қол қойды. Тараптар делдалдық тізбектерді қысқарту, бағаны негізсіз өсірмеу және инфляцияны төмендетуге бағытталған бастамаларды бірге атқаруға келісті.

Бұл қадам Шымкент қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын нығайту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып отыр.

Айта кетейік, қала әкімдігі бағаларға күнделікті мониторинг жүргізіп, жағдайды кәсіпкерлермен бірлесіп тұрақты бақылауда ұстайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу мақсатында жасалған мұндай қадамдар  экономикалық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие маңызды қадам болып табылады. Бұл шара өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға, нарықтағы баға деңгейін бақылауға және тұтынушылардың қалтасына әсер ететін инфляциялық қысымды азайтуға бағытталған жүйелі іс-әрекеттердің бірі ретінде қарастырылады.

Себебі, бағаны тұрақтандыру – елдегі экономиканың өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының бағасы жоғарылаған кезде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеуі мүмкін. Шымкенттегі меморандумдарға қол қою арқылы кәсіпкерлер мен бизнес құрылымдары арасында баға саясатын үйлестіру және нарықтағы бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік туады. Бұл тұтынушылардың әлеуметтік жағдайын қорғау, экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін өте маңызды.

Определены полуфиналисты проекта «aзамат»
Более 100 меморандумов о стабилизации цен и сдерживании инфляции заключили в Шымкенте
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу