Президент: «Еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды»

Oinet.kz 28-11-2025 123

«2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды.

Screenshot_6.jpg

Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. 

Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық. 

Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар».

Бұл ұсыныс еліміздің демократиялық дамуындағы үлкен қадам әрі жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірудің тиімді тетігі ретінде қарастырылады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау — тұрғындардың өз өкілдерін таңдаудағы еркіндігін арттырып, жергілікті басқарудағы ашықтық пен есептілікті күшейтуге бағытталған маңызды жаңалық десек болады.

Себебі, ауыл әкімдерін тікелей сайлау халықтың билікке деген сенімін нығайтады. Қазіргі кезде ауыл тұрғындары өздерінің әкімін өздері таңдау арқылы жергілікті басқару органдарына деген жауапкершілікті сезініп, белсенді азаматтық ұстанымға ие болады. Бұл жергілікті басқару жүйесін демократияландырудың маңызды көрсеткіші болып табылады.

Сонымен қатар, тікелей сайлау әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады. Әкімдер өздерін сайлаған тұрғындардың мүддесін қорғайтынын жақсы түсінеді және олардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдауға ынталанады. Нәтижесінде, жергілікті деңгейдегі мәселелер тез әрі сапалы шешіле бастайды. Бұл бастама ауылдық жерлердің дамуына тың серпін береді. Тұрғындар өздерінің әкімін тікелей сайлау арқылы жергілікті қажеттіліктер мен басымдықтарды нақты анықтап, әкімнің қызметіне белсенді араласа алады. Бұл ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші»
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін берді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу