2026: Конституциялық реформа – жаңа преамбуладағы негізгі қағидалар

Oinet.kz 02-02-2026 13

Қазақстанда 2026 жылы қабылданған жаңа Конституция елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекеттің басқару құрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып отыр. 

Screenshot_2.png

Жаңа Преамбулада тарихта алғаш рет бірқатар негізгі қағидалар Конституция деңгейінде ресми түрде бекітілді.

Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекет қызметінің басты бағыты ретінде айқындалған. Бұл – азаматқа бағдарланған демократиялық елдің негізгі принципі.

Құжатта ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қоғамдағы бірлік мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тірек ретінде танылды. Егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық – Конституцияда өзгермейтін, мызғымас қағидаттар ретінде бекітілген.

Жаңа Конституцияда әділеттілік, заңға бағыну және қоршаған ортаға қамқорлық қағидаттары алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл – заманауи мемлекет пен құқықтық қоғам құрудағы жаңа қадам. Жаңа Конституция бойынша мемлекеттік билік халықтан бастау алады. Яғни, Қазақстан халқы – биліктің бірден-бір қайнар көзі. Осылайша, жаңа Преамбула елдің тарихи дәстүрлері мен заманауи құндылықтарын үйлестіре отырып, Қазақстанның құқықтық, әлеуметтік және экологиялық даму бағыттарын айқындайды.

Жаңа конституция: Болашаққа бағдар
2026: Конституциялық реформа – халық бастамасы мен ашықтық негізінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу